Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Адам құқықтарының концепциясы» тренингі

«Адам құқықтарының концепциясы» тренингі

25 Сәуір 2016

16 сәуірде Қарағандыда National Endowment Democracy (NED) қолдауымен Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі ұйымдастырған «Адам құқықтарының концепциясы» атты кіріспе тренингі өтті. Алматыдан келген ҚЖАҚ бас директоры Ирина Медникова тренингтің модераторы болды.

Осы тренингке Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен  Жалпы медицина және стоматология факультетінің студенттері Сағат Аяулым (1-006) және Жолшыбек Нұрмахан (3-015) қатысты. Кіріспе бөлімде адам құқығының жалпы концепциялары туралы презентация көрсетілді. Кішігірім пікірталастан соң семинар қатысушылары топтық жұмысқа кірісті.

Әр топ өздерінің зияткерлік дағдыларын, сондай-ақ, тренинг ұйымдастырушылары ұсынған әр түрлі жағдаяттық мәселелерді шешу дағдыларын толық көрсетуге тырысты. Әр түрлі пікірлер тыңдалды, тарихи оқиғаларға сілтеме жасама отырып, көптеген фактілер қарастырылды. Тренингке қатысушылар осы тақырыпқа қатысты көптеген сұрақтарды талқылады. Қызу пікірталас барысында барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап тапқан қатысушылар қорытынды резолюция қабылдап, тренингті аяқтады.

Іс-шараның барлық қатысушылары құрмет дипломдарымен және грамоталармен марапатталды.

Сағат Аяулым (1-006 ЖМ)


0
7651

пікірлер

пікір қалдыру үшін.