Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Халықтық» атағы бесінші рет қорғалды!

«Халықтық» атағы бесінші рет қорғалды!

19 Сәуір 2016

11 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының халықтық көркемөнерпаздар ұжымдарының кезекті аттестациясы болып өтті.

 «Халықтық» құрметті атағы қызметінде жоғары көркемдік деңгейге және шығармашылық нәтижеге қол жеткізген қала мен облыстың мәдени өміріне белсенді қатысатын және жоғары шеберлікке ие әуесқой ұжымға берілетіндігі белгілі. Атақ «мәңгілікке» берілмейді және әр үш жыл сайын оны қорғап отыру қажет.

  Университетіміздің мақтанышы - «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблі 1993 жылы құрылған. 1997 жылы ансамбль «Халықтыққа» ауысу құрметіне қол жеткізді, сол кезден бері осы атақты абыроймен алып келе жатыр. 23 жылдық жемісті қызметінде  ансамбль ұжымы үнемі дамып, жетіліп отырды. Осы уақыт бойы «Қаракөз» сахналық қойылымдарымен, әр түрлі репертуарларымен және өзіндік ұлттық сарындарымен ерекшеленеді. Ансамблдің қазіргі жетекшісі М.Е. Қосыбаева да аз еңбек сіңірген жоқ. Ансамблдің ұжымы қалалық, облыстық және республикалық конкурстар мен фестивальдардың бірнеше рет жеңімпазы болып табылады.

  Бүгінгі атақты қорғау - біздің ұжым үшін есеп бойынша бесінші рет. Биыл Астананың қатал әділ қазыларына «Қаракөз» ұжымы ансамблдің алтын қорына бұрыннан енген композицияларымен бірге жаңа қойылымдардан құралған концерттік бағдарламасын ұсынды: «Nagada Sang Dhol» атты үнді биі, «Махаббат сыры» және «Қыз сезімі» атты қазақ халқының ұлттық билері,  «Гиждалла» тәжік биі, «Бие Кио» татар биі, «Лезгинка» кавказ биі  және «Русская плясовая» атты орыс биі.

  Айдан айға жалғасқан дайындық босқа кеткен жоқ. Комиссия мүшелеріне барлық билер өте жоғары деңгейде ұсынылды! Ұжымның «Халықтық» деп текке аталмайтындығын дәлелдеу үшін ансамблдің әр қатысушысы өз икемділіктерін, шеберліктерін, жан дүниесін биге салуға тырысты. «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің ұжымы ректор, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетоваға және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанскиге, баспахана басшысы Шахметова Гүлнәр Сейтқанқызына, ҚММУ стоматологиялық клиникасы бас дәрігерінің м.а.  Калина Айнұр Серікқызына, қоғаммен байланыс қызметіне және жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге республикалық аттестацияға дайындық барысында көмек көрсеткендері үшін үлкен алғыстарын білдіреді.  

  Шығармашылық комиссияның бірауыздан қабылданған шешімімен, аттестация қорытындысы бойынша  шығыс билері халықтық ансамблінің ұжымы «Халықтық» атағын қорғады.

  «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамблінің қатысушылары

  Беласаров Нұрберген 4-056 ЖМ

   Беласарова Сандуғаш 4-053 ЖМ


0
9571

пікірлер

пікір қалдыру үшін.