Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасындағы студенттік пәнаралық конференция

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасындағы студенттік пәнаралық конференция

15 Сәуір 2016

2016 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасында аға оқытушы Б.Б. Рысбекованың ұйымдастыруымен «Фемида» институтының студенттері қатысқан  Қазахстан тарихы және ӘСП кафедрасында студенттік пәнаралық конференция болып өтті. Тақырыбы: «Ұлттық экономикадағы қаржылық және ақша–несиелік жүйе. ҚР қаржылық құқық негіздері. ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру».

Конференция шеңберінде денсаулық сақтаудағы қаржыландыру, қаржылық құқық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

   Белсенді қатысқан және өте жақсы дайындықпен келген ОҚА студенттері Қалау Сержан (3 курс,  «Құқықтану» мамандығы), Коркытбаев Рустемді (3 курс,  «Қаржы» мамандығы), сонымен қатар, 2-орын алған ҚММУ «Фармация» мамандығының  2002-топ студенттері Асель Садвакасова мен Анастасия Ящишинаны ерекше атап өту керек.

  Конференция қатысушылары мен қонақтары талқыланған мәселелерге жоғары қызығушылық танытты. Баяндама жасаушыларға көптеген сұрақтар қойылып, толығымен жауаптар алынды.

  Конференцияны қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі Қ.А.Темірғалиев осы шараның кафедрада бірінші рет өткізіліп отырғанын, студенттердің тыңғылықты қатынасын ескерді. Кафедраның оқу ісін меңгерушісі Н.Ф.Ломан, доцент А.Е.Даниярова және аға оқытушы А.Б.Долгополов алғыс айтып, сөз сөйледі.

   Конференция аяқталғаннан кейін студенттер ЖОО студенттері арасында нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында байланысу мәліметтерімен алмасты. 

Қазақстан тарихы және ӘСП

кафедрасының аға оқытушысы  Б.Б. Рысбекова


0
8049

пікірлер

пікір қалдыру үшін.