Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны – 2016

ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны – 2016

12 Сәуір 2016

31 наурыз күні жастармен жұмыс жөніндегі бөлім университет тарихында алғашқы рет «ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны - 2016» біріккен байқауын өткізді.

Қатаң және әділ кастинг нәтижесі бойынша байқауға қатысуға 20 өнерлі, көрікті және сымбатты бойжеткендер және бозбалалар өтті. Ұйымдастырушылар қатысушылардан 10 жұп құрды:

Игембекова Адина(1016 ЖМ) - Төленді Жандос (1012 ЖМ);

Бекболатова Диана (2079 ЖМ) - Ержанов Мақсат(1025ЖОМ);

Калимуллина Эльза(2077 ЖМ) - Тельманов Айдын (2029 ЖМ);

Калтаева Әсел (1016 ЖМ) - Жуатай Қуаныш (1012 ЖМ);

Химаншу Тельва (2005 ЖМ) -  Джая Поддар (3015 ЖМ);

Ким Тамара (1033 ЖМ) - Ильяс Сулейменов(1033 ЖМ) ;

Утебаева Айым (2007 Стом) - Мәкенбай Қуат (1001 Фарм);

Ералиева Дана (1023 ЖМ) - Қырықбаев Олжас (1028 ЖМ);

Байгожина Айдана (1001 ЖМ) - Ескендір Нұрғали (3023 ЖМ) ;

Алиасқарова Ақбөпе (2034 ЖМ) - Ғани Еркебулан  (2030 ЖМ).

Осы жылы байқау төрт кезеңнен өтті: «Сәлемдесу», «Ұлттық киімдер байқауы», «Үй жұмысы», «Дефиле». «Сәлемдесу» кезеңінде қатысушылар өздерін әділ қазылар алқасына және көрермендерге таныстырды. «Ұлттық киімдер байқауы» кезеңінде қатысушылар ұлттық киімдерді кию өнерін көрсетті.  «Үй жұмысы» кезеңінде қатысушылар әділ қазылар алқасын және көрермендерді өздерінің өнерлерімен сусындатты. «Дефиле» кезеңінде қатысушылар әдемі костюмдерді және кешкі көйлектерді кию өнерін көрсетті.

Үлкен шоу биік дәрежеде  өтті. Көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен, қол шапалақтап отырды.  Өз кезегінде қатысушылар барлық дайындықтарын  көрсете білді. Бұндай жағдайда құрамында әділ-қазылар алқасына қорытынды шығару қиынға соқты.  Нәтижесінде Элина Федоренко– «Mrs.Kazakhstan Globe 2014», Әділ Имантайұлы Ақбаев – “Dolce City Cafe” атқарушы директоры, Даяна Қанатқызы Касымова– “DK Collection” бренд қалаушысы және «Crossfit Sarbaz» фитнес клубының басқарушы директоры Айдар Закриннен құралған білікті қазылар алқасы орындарды келесідей бөлді:  

«Miss Letta Style»  -  Калимуллина Эльза;

«Mister & Miss Dolce City Cafе» - Жуатай Қуаныш және Байгожина Айдана;

«ҚММУ вице аруы және жігіт сұлтаны» -  Ескендір Нұрғали және Игембекова Адина.

«ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны - 2016» байқауының жеңімпаздары Қалтаева Әсел және Ғани Еркебұлан болды.

Баврлық қатысушылар байқау демеушілерінен бағалы сыйлықтарға иеленді.  

Байқаудың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келеді: барлығы ойдағыдай өтті! СЕНДЕР – ЖАРАЙСЫҢДАР! «ҚММУ аруы және жігіт сұлтаны -2017» байқауын асыға күтетін боламыз! Осындай іс-шаралар медициналық университетке қажет, олар студенттерге көңілді студенттік шақтарды есте сақтауға көмектеседі...

  Аскарова Меруерт (4-096 ЖМ)


0
9165

пікірлер

пікір қалдыру үшін.