Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақтөбе қаласында өткен семинар

Ақтөбе қаласында өткен семинар

11 Сәуір 2016

2016 жылдың 1 сәуір күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінде (Ақтөбе қ.) халықаралық қатысумен «Сенің университетіңнен тыс үздіксіз медициналық білім беру» атты семинар болып өтті

Семинар барысында шетелдік медициналық білім берудің өзекті мәселелері, Қазақстан ішіндегі академиялық ұтқырлық және KazMSA арқылы медициналық тағылымдама өту мүмкіндіктері жайлы талқыланды.

Күннің алғашқы жартысында «ҚР медициналық университеттерінде академиялық ұтқырлық жағдайы және болашағы» атты ҚР медициналық жоо қатысуымен онлайн конференция болды.

Күннің екінші жартысында университет корпустары және мұражайларына саяхат жасалды.

ҚММУ атынан Б.С.Ибраев (4-014 ЖМ), Д.Токашева (5-006 ҚДС) Г.Мұрат (3-019 ЖМ) қатысты. Барлық қатысушыларға баяндама оқығаны үшін сертификат берілді.

Аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген біздің университетіміздің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова және оқу-тәрбие жұмыстары проректоры В.Б.Молотов-Лучанскийға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Ибраев Батыржан

KazMSA-Kazakhstan президенті

4-014 ЖМ студенті


0
8065

пікірлер

пікір қалдыру үшін.