Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерттік бағдарлама

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерттік бағдарлама

11 Сәуір 2016

04.04.2016 ж.  Карағанды мемлекеттік медицина университетінің №4 жатақханасында молекулярлық биология және медициналық  генетика  кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған іс-шара өткізілді.

Кеш мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдерін ашатын бейнеролик көрсетуден басталып, Қазақстан Республикасының әнүраны бірлескен түрде орындалды. Концерттік бағдарламаға «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 2,3,4 және 5 курс студенттері белсене қатысты.

Салтанатты кештің қонақтары Мухсунов Мейрам және Есентаева Камшаттың орындауында "Қара жорға" биін тамашалады.

3 курс студенті Күміс Балжан қазақ халқының киім үлгілерімен таныстырса, Пазылбек Ибраһим және Жанабалиев Диас домбырада «Адай» және "Күй" туындыларын ойнақтата ойнап, бізді шертпе халық музыкалық аспаптарымен тәнті етті.

Қонақтар «Арқан тартысу»,  «Асық» ойындарына қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. «Асық» ойынының жеңімпазы 3-курс студенті Сапаров Бабомурат. Кештің әсерлі өтуіне концерттік бағдарламаны жүргізушілер Әбдір Азамат пен Қабдыш Гүлбарам өз үлестерін қосты. Кеш қазақ ұлттық бұйымдар аясында студенттер мен оқытушылардың фотосессиясымен аяқталды. 


0
8301

пікірлер

пікір қалдыру үшін.