Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңімпаздар форумы

Жеңімпаздар форумы

28 Наурыз 2016

21 наурыз күні Парламент сайлауының қорытындысына арналған «Жасасын Мәңгілік Қазақстан! Бірлігі жарасқан Нұр Отан» атты жеңімпаздар форумы тәуелсіз стелла алдындағы алаңда өтті.

Нұр Отан - Қазақстанның ірі партиясы. Елбасымыздың мемлекеттік курсын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және саяси күші басым беделді қоғам.

Форумға Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, кеншілер, металлургтер, студенттер, спортшылар және облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібеков форумға қатысушылар алдында сөз алды. Аймақ басшысы форум қатысушыларына арналған сөзінде Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің сайлауында Нұр Отан партиясының жеңісімен барлығын құттықтады.

Форумда Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің атынан KazMSA ұйымының және Самұрық Студенттік Республикасының қатысушылары болды.

Біз, Қазақстан жастары, жастардың жарқын болашағына, біздің Нұр Отанға және біздің елбасымызға сенеміз.

Алға, Қазақстан!

Жетписбаева Дарига 1-003 ЖМФ
LC KSMU KazMSA баспасөз-хатшысы


0
8036

пікірлер

пікір қалдыру үшін.