Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балаларға мереке сыйлайық

Балаларға мереке сыйлайық

28 Наурыз 2016

18 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі ҚММУ театр өнері үйірмесімен бірге «Ауруханалық сайқымазақтар» жобасы шеңберінде кезекті қайырымдылық науқанын өткізді.

«Ауруханалық сайқымазақтар» - емделіп жатқан балаларды позитивтік эмоцияны қалыптастыру жолымен сауықтыруға көмек көрсету.

Осы сауықтыру көптеген елдерде аурудың ауыр түрімен ауыратын балаларға қолданылады және кішкентай емделушілердің көңіл күйлеріне оң әсер ететіндігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Осы жолы көңілді күлдіргілер - Күн көзі Маймылы (Мунгалова Ольга) және Тучка (Қонысбеков Қайырбек) Қарағанды қ. «Облыстық балалар клиникалық ауруханасында» ҚМҚК неврология, эндокринология және аллергология бөлімдерінде жатқан  балаларға мереке сыйлады.

Балалар жақсы және әдемі костюмдер киген қонақтарды жақсы қарсы алды, олармен әртүрлі  танымдық ойындарды ойнады, әзіл жұмбақтарды шешті.  Белсенді және зейінді балалар көңілді сақымазақтардан сыйлықтар алды. Әсіресе кішкентай емделушілерге ертегі кейіпкерлерін шешіп табатын «Қане ойлап тап» конкурсы және «Моль» ойын-жаттығуы ұнады.

Көңілді күлдіргілердің келуінен соң балалардың жүздерінен күлкі кетпеді. Балалар, оладың атана-аналары да әзілді тапсырмаларды орындай отырып, қозғалысты және танымдық конкурстарға қатысты, соныменқатар естелікке фотоға түсті.

Біздің науқанымыз көпке созылмаса да көптеген ауруларға қарсы тұруға көмегін тигізді  және аздаған уақыт болса да балаларға бақытты күлкі сыйлап және беттің шырайын кіргізді.

    Ж.А.  Жұмаділова 

    Театр өнері үйірмесінің жетекшісі. 


0
8143

пікірлер

пікір қалдыру үшін.