Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!

Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!

24 Наурыз 2016

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай жастар жұмыс бөлімі айлық іс-шаралар жоспарлады.

Өткен сенбіде "Самұрық" СР спорт министрлігінің ұжымы Н.С.Ұзақбаевтың жетекшілігімен "Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!" атты спартакиаданы № 2, 3, 4, 6, 7 жатақхана студенттері арасында ұйымдастырды. Әр топ құрамында 5 ұл бала және 5 қыз бала болды.

Қатысушылар өздерін барлық спорт түрлерінде көрсете білді: қол күрестіру, доппен эстафета, арқан тарту, қапта секіру, гир көтеру(10 кг), кермеге тартылу, серпіліс жасау, секіргішпен секіру.  Қатысушыларға төрешілік еткендер: Тәуекел Сағалов (2-015 ЖМ), Алдияр Тойбеков (2-042 ЖМ), Ермұрат Зекен (2-003 Стом), Нұржан Ұзақбаев (3-001 МПІ).

Әділқазылар құрамында: Л.В.Коваленко - салауатты өмір салтының дағдыларын  қалыптастыру комиссиясының төрағасы, А.А.Мамбетова - жастармен жұмыс бөлімінің маманы, А.А.Джетибаева - "Самұрық" СР депутаты.

Сайыс аяқталған соң әділқазылар жиған ұпай санына байланысты жеңімпаздарды анықтады: І орын - №7 жатақхананың командасы; ІІ орын  -  №4 жатақхананың командасы; ІІІ орын - №3 жатақхананың командасы.

Арнайы номинациялармен марапатталғандар: " Ең белсенді спортшы" - Мурат Нұржанов (301 ЗТ), "Турнирдің жаңалығы" - Диана Искакова (1-001 МПІ).

Осы тәріздес спорттық іс-шаралар жастарға танысуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Болашақта мұндай іс-шаралар дәстүрге айналуы керек.

Роза Даденова (3-007 ЖМ)

"Самұрық" СР студенттік спорт

 министрлігінің хатшысы


0
8497

пікірлер

пікір қалдыру үшін.