Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жастық! Жігер! Еңбек!»

«Жастық! Жігер! Еңбек!»

24 Наурыз 2016

10 наурыз күні Ақтөбе қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық форумы болып өтті. Форум жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан 3000 жастар өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы мұнда ел үміт артқан ең талапшыл жастардың жиналғанын атап өтті.

Форумға Қарағанды облысының делегациясы Қарағанды қаласының атынан: «Профилактикалық медицина, биология және фармация» факультетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті, ҚММУ «Самұрық» Студенттік Республикасының Президенті – Темірлан Саматов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар "Гүлдене бер, туған ел" атты жалпыұлттық марафон-эстафетасының басталғанын мәлім етті.

Форум соңында Елбасымыз елдің барша жастарына сөз арнады: «Сіздер – елдің болашағысыздар. Сіздер мен біздің ұлы мақсатымыз бар. Армандар ұмтылған кезде ғана орындалады. Қазақстан ХХІ ғасырда қуатты, әрі өздеріңмен бірге өркендейтін ел болуы үшін сіздердің күш-жігерлеріңіз, ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз жеткілікті екеніне сенемін, – деді Мемлекет басшысы».

«Самұрық» СР Президенті

Т.К. Саматов


0
8471

пікірлер

пікір қалдыру үшін.