Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз - көктем, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі!

Наурыз - көктем, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі!

18 Наурыз 2016

Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланатын, қазақ халқының ғана емес, көптеген Азия халықтарының тойлайтын басты мерекесі. Наурыз - табиғаттың қайта жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы болып саналатын көктем мерекесі.

15 наурызда профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс-шара өткізді. Іс-шараға академиялық ұтқырлықпен келген арнайы қонақтар - Сібір мемлекеттік медицина университетінің 4-ші курс студенттері, сонымен қатар, жастармен жұмыс бөлімінің бастығы Ұнғарбаева Айгуль Аманжоловна, жастармен жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, спорт клубының бастығы Батиров Фахридин Абдижапарович және факультет деканы Приз Владимир Николаевич шақырылды.

Мерекелік бағдарламаны домбырада асқан шеберлікпен шығарманы орындап, 4 - курс студенті Мүбарак Азамат ашты, бұдан кейін студенттер қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен қонақтарды таныстырды. СібММУ қонақтары өз кезегінде, орыс халқының дәстүрлерімен және бейне-баян арқылы өз университетімен бізді таныстырды. Сондай-ақ, біздің студенттер қазақтың ұлттық ойындарын ойнатып, әдемі ән мен билерін орындады.

Барлықтарыңызды ұлттық мерекеміз Наурызбен құттықтағым келеді! Осынау жаңа өмір бастауы болып табылатын көктемгі мереке сіздерге қуаныш пен бақыт әкелсін! Бұл мереке әр отбасына келісім мен сыйластық, құрмет пен махаббат белгісі болып енсін!

Профилактикалық медицина,

биология және фармация

факультетінің СӨӨБК төрайымы Ж.М. Қуаныш

0
8740

пікірлер

пікір қалдыру үшін.