Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эвтаназия: иә ма, жоқ па?

Эвтаназия: иә ма, жоқ па?

17 Наурыз 2016

10 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім KazMSA жергілікті комитетімен бірлесіп ҚММУ-де «Эвтаназия: иә ма, жоқ па?» тақырыбында пікірталас турирін өткізді.

  Эвтана́зия (грек тілінде — жақсы + — өлім) — жазылмайтын сырқатқа шалдыққан, төзбес азапты бастан кешіріп жатқан адамның өмірін тоқтату тәжірибесі.

  Турнирдің мақсаты - осы пікірталас шеңберінде адам өз өміріне әмір жүргізуде  еркіндігінің қаншалықты екендігін байқауға тырысу, өз қалауымен шекараны сызып қою керек пе және жазылмайтын ауруы бар адамдардың өмірден кетулеріне көмектесетін дәрігерлерді қалай қабылдауға болады, олар жазалаушы ма, әлде қорғаушы ма? Адам құқығы бойынша тұрақты комитеттің жергілікті офицері Сағат Аяулым турнирдің модераторы болып сөз сөйледі.

  Турнир барысында қатысушылар екі командаға бөлінді: үкімет және оппозиция. Екі команда да өздерінің ойларын дәлелдер мен фактілер келтіре отырып,  байыппен жеткізді. Тақырып өте қызықты болды, қонақтар ойыншылармен қатар қызыға отырып, шытырман сұрақтарды да қойды, талқылауға да  белсене қатысты.

  Ойын қорытындысында  қатысушылар эвтаназия тақырыбының  күрделілігі сонша, оны бір турнир шеңберінде талқылап шешу мүмкін емес деген пікірге тоқталды.

  Біздің пікірталасшыларымыздан жаңа тақырыптар мен жаңа турнирлер  күтеміз.

Жетпісбаева Дариға (1-003 ЖМ)
KazMSA Ж.К. баспасөз хатшысы 


0
8806

пікірлер

пікір қалдыру үшін.