Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерекемен құттықтау

Мерекемен құттықтау

15 Наурыз 2016

8 наурыз қарсаңында Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі ҚММУ шығармашыл ұжымдарының белсенділерімен университетіміздің нәзік жандарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Көктемнің алғашқы мерекесі жылдан жылға аналарымызға және әйелдерімізге, әпкелеріміз бен қыздарымызға олардың күнделікті еңбектері, қамқорлықтары мен шексіз махаббаттарына деген алғыс және ең жарқын құрмет сезімдерін жүректерімізге ұялатады.

Таң атпастан, біздің университетіміздің шығармашыл және белсенді студенттері жиналып, мереке себепшілерін арнайы құттықтауға жиналды. Мерекелік бағдарламада аналарымызға өз шығармаларын оқыды, музыкалық нөмірлерін, гитарада әндерін шырқады, Құрманғазының «Балбырауын» күйін, өлеңдерін арнап, жылы тілектерін де білдірді. Бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушылары қолдан жасаған ғажап гүлдер мерекелік шараның көркін аша түсті.  Сонымен қатар, осы шараға «Жыр жаухар» поэтикалық клубы, «Конферансье» үйірмесі, театр өнері үйірмесі, домбыра оркестрі және ән салу үйірмесінің  әсем үнді әншілері қатысты.

Құттықтау тілектер университетіміздің ректоры, м.ғ.д., профессор Досмагамбетова Раушан Сұлтанқызы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Турмухамбета Анар Ақылбекқызы, Клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Азарова Надежда Георгиевна, баспахана, кітапхана, кадрлар бөлімі, ҚДС және МПІ қызметкерлеріне және басқаларға арналды.
Жұмаділова Жібек,

  Балалар алғыс сөздер мен үздік тілектер түрінде жауап алды.

Театр өнері үйірмесінің жетекшісі


0
8986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.