Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Педиатриядағы коммуникативтік дағдылар»

«Педиатриядағы коммуникативтік дағдылар»

14 Наурыз 2016

2016 жылдың 11ақпанында Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасында психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлері «Педиатриядағы коммуникативтік дағдылар» тақырыбында клиникалық конференция өткізді. Кафедра меңгерушісі Л.Л Мациевская оқыған дәрістен кейін, тыңдаушыларға «Лимфо-бластты лейкозбен ауыратын баланың мамасымен комплайнес» симуляциалық науқас моделінде клиникалық жағдай көрсетілді.  Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушылары Е.Х Батяева және А.А Пржанова науқастың туыстарымен қарым-қатынас барысында кездесетін қателіктерді көрсететін рөлдік ойындарды көрсетті, балалар стационары жағдайында науқастардың мазасыз ата-аналарымен дұрыс жұмыс жасау үлгісі көрсетіліп, жұмыс барысында әр түрлі коммуникативтік техникалар қолданылды.

Медициналық қызметкерлермен эмоционалдық күйіп кету мәселелері көтерілді, «дәрігер-науқастың туысы» диадасында жұмыстың дұрыс алгоритимдері бойынша пікір алмасу болды. Конференция соңында рефлексия кезеңінде аурухана қызметкерлері өз ойларын білдірді және коммуникативтік дағдылардың заманауи технологияларын оқыту саласында сабақтарды жалғастыруға тілектерін білдірді. Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы жоспар бойынша осы конференцияны өткізді және облыстық балалар клиникалық аурухана басшылығының келісімімен, әрі қарай практикалық денсаулық сақтауда ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлайды.

Аурухана басшылығы медицина саласындағы маман құзыреттілігінің маңызы туралы медицина қызметкерлерін оқытуға қосқан үлесі үшін кафедра қызметкерлеріне алғыс хатын жолдады.       


0
9224

пікірлер

пікір қалдыру үшін.