Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бар жанымызбен

Бар жанымызбен

11 Наурыз 2016

Егер өтіп бара жатқандардан: «Біз үшін ардагерлер және тыл қорғаушылары қаншалықты маңызды?» деп сұрасаңыз бірауыздан қазіргі жарқын болашағымыз және осы қазіргі өміріміз олардың арқасында деп жауап береді. Айтқым келгені, қазіргі ұрпақ ардагерлерге алғыс айтады және олардың әрқайсысын бағалайды.

Уақыт жылдам өтіп жатыр, рейстахтан Жеңістің жалауы желбіреген күннен бері жетпіс жылдан астам уақыт өтті. Алдыңғы жылы біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын барлық ел болып тойладық.

2016 жылы 27 ақпанда жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастамасымен Қазақстан жастарының медицина қауымдастығының жергілікті комитетінің қатысушылары тыл еңбеккерлері мен ардагерлерге барып қайтты.

Студенттер Арынова Раушан  Бахтыбаевнаға, Галкина  Вера Яковлевнаға, Петрова Кира Васильевнаға,  Коновалова Антонина Ивановнаға және Шустерова Таисия  Михайловнаға ілтипат көрсетіп және көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кездесу барысында ардагерлер студенттерге өздерінің өміріндегі қызықты жайттар туралы сүйсіне отырып әңгімеледі. Студенттер өз кезегінде өткен уақытқа қызығушылық танытты және көптеген тиімді мағлұматтар алды.

Әр ардагердің өзінің еліктіретін және студенттердің көздеріне жас келтіретін өзіндік тарихы бар. Мұңды тарихта басқа ардагерлер естеліктер және бақытты шақтарды жымия еске алды. Барлықтары үшін өзінің жасына қарамастан, оптимист, әрқашан күліп жүретін, салауатты өмір салтын ұстанатын өте көңілді және тартымды адам Вера Николаевна үлгі болды. Вера Николаевна – еліктеуге тұратын нағыз үлгі.

Ардагерлермен өткен уақыт өте тамаша және ұмтылмастай өтті. Осындай кездесулер студенттерге және ардагерлерге көніл күй үшін өте жақсы қуат береді.

Дариға Жетпісбаева
1-003 ЖМФ

Қазақстан Жастарының Медициналық Қауымдастығы  (KazMSA)


0
8685

пікірлер

пікір қалдыру үшін.