Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицинадағы клиникалық патология мен реабилитация бойынша XXII Халықаралық конгресс

Медицинадағы клиникалық патология мен реабилитация бойынша XXII Халықаралық конгресс

25 Ақпан 2016

Медицинадағы клиникалық патология мен реабилитация бойынша XXII Халықаралық конгресс алғаш рет ТМД бойынша аллергологтар мен иммунологтардың қоғамы және аллергология мен клиникалық иммунологияның Еуропалық академиясымен бірлескен ұйымы болып 2016 жылы ұйымдастырылды.

Ол 2016 жылдың 5-ші ақпаны мен 11-ші ақпан аралығында Дубайда, БАӘ, JW Dubai Marriott Hotel өтті.

Ғылыми бағдарлама ғылым, трансляциялық зерттеулер мен клиникалық қолдану жолдарын біріктіруге, заманауи технологиялармен зерттеу және білім берудің өзекті мәселелері мен ғылыми нәтижелердің таралуына және форумға қатысушыларды қамтамасыз ету үшін бағытталған.

Ғылыми конгресстің жұмысына біздің университеттен хирургиялық аурулар және патологиялық  анатомия кафедрасының м.ғ.д., профессор М.М. Түсіпбекова, Л.М. Стабаева қатысты. Олар «Principles of clinic-morphologic verification of disseminated lung diseases», «Estimation of computer tomography and videothoracobiopsy in diagnostics of bronchoalveolar tumor» тақырыптары бойынша баяндамалар ұсынылды.

Медицинадағы клиникалық патология мен реабилитация бойынша XXII Халықаралық конгресінің аяқталуында қатысушыларға сертификат берілді.


0
9195

пікірлер

пікір қалдыру үшін.