Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мектеп – интернатқа сапар

Мектеп – интернатқа сапар

18 Ақпан 2016

12 ақпанда, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің шығармашылық ұжымдары Психикалық дамуы артта қалған балаларған арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне Қарағанды қаласының туған күніне арналған концерттік бағдарламаны ұйымдастырды және өткізді.

Концерттік бағдарлама «Қаракөз» және «Golden Step» би ұжымдарының нөмірлерінен, танымал мультфильмдерден балаларға арналған әуендерді орындаған  ән үйірмесінің қатысушылары шырқаған әндерден тұрды, «Жыр Жауһар» авторлық поэтикалық клубының қатысушылары  Қарағанды қаласына арнап өлеңдерін оқыды.

Кішкентай көрермендерге концерт қатты ұнады, күтпеген  сахнаға  олар ерекше назар аударды, шаттанып күлді және жабыла қошемет білдірді. Мектеп – инертнаттың тәрбеленушілері өте көңілді және әуесқой болып шықты, концерттен соң біздің әртістерімізді көпке дейін босатпай қойды, олардың көркем костюдерін қызығушылықпен тамашалады.

ҚММУ шығармашыл ұжымдарының қатысушылары әр балаға қуаныш және күлкі сыйлайтын әртүрлі мәдени  бағдарламалармен қалалық және облыстық балалар орталықтарына жиі барып тұрады! Әрбір бала қамқорлыққа және ықыласқа зәру.

  Іс-шараның соңында, мектеп-инернаттың жетекшісі біздің студенттерге балаларға мереке сыйлағандары үшін жүрекжарды алғыстарын білдірді және кезекті концерттік бағдарламамен жиірек келуге шақырды. 

  Ералиева Дана

(1-023 ЖМ)


0
9032

пікірлер

пікір қалдыру үшін.