Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ 4-6 курс студенттерінің арасында хирургиядан Олимпиада

ҚММУ 4-6 курс студенттерінің арасында хирургиядан Олимпиада

09 Ақпан 2016

2015-2016 оқу жылында ҚММУгоспиталды хирургия кафедрасының бұрынғы ізгі дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің арасында хирургия бойынша олимпиада өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты - студенттердің теориялық білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдендіру, хирургия бағыты бойынша интернатурада оқытылуға ең дарынды студенттерді анықтау және Ресей Федерациясында өтетін хирургиядан халықаралық олимпиадаға қатысуға студенттерді іріктеу. 

Олимпиадаға қатысуға «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-6 курс студенттеріне  және интерн хирургтерге рұқсат етілді . Қатысушылардың тіркелуі « Қарағанды облысының Хирургиялық ассоциациясы» сайтында өтті.  Барлығы олимпиадада 102 студент қатысты.

Іріктеу 3 айналымнан өтті.

1-ші кезең тестілеу түрінде өткізілді, оған қатысқан 102 студенттен, екінші айналымға 28 өтті. 

Хирургия бойынша олимпиаданың 2-ші кезеңі симуляторлар және манекендерде тәжірибелік дағдыларын көрсету түрінде өткізілді:

1. Жай тігістерді уақытқа байлау

2. Жарақаттың түбінде тігістерді уақытқа байлау

3. LapSim симуляторында эндохирургиялық тігіс салу

4. Ішек түтігі муляжында ішек тігісін уақытқа және сапасына  қарай салу

5. Тамыр муляжына Каррель бойынша тамыр тігісін уақытқа және сапасына  қарай салу

Екінші айналым қорытындылары бойынша келесі айналымға 10 қатысушы өтті.

3-ші кезеңде ҚММУ жануарханасында экспернименттік жануарларды қолдана отырып хирургиялық дағдылар бойынша командалық жарыс өтті. Студенттердің мақсаты эксперименттік жануардың ішек жарақатын тігу. Жалпы жансыздандыру, лапаротомиялық енгізуге мүмкіндік және ішек зақымдануы, келесіде ішекті  тігу шаралары жасалды.

Жарыс қарапайым емес жағдайда өтті, тәжірибелік дағдылары тірі ағзада көрсетілді, ол студенттерге қосымша психологиялық қысым тудырды, сондықтан жарыс жағдайлары барынша  ең жоғарғы  хирургтің нақтылы жұмыс жағдайларына жақындатылған.

Хирургиядан олимпиаданың 3 айналым қорытындылары бойынша жеңімпаз болып 5094 топтың студенті Темирбаев Данияр атанды!

Екінші орынға 4069 топтың студенті Быкова Татьяна ие болды!

Үшінші орын 4073 тобының студенті Берент Нелли иеленді!

«ҚОХА» ҚБ басқармасы және патологиялық анатомиямен №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы олимпиада жеңімпазы және жүлдегерлерін құттықтады, сонымен қатар тәжірибелік дағдылар орталығының қызметкерлеріне, директоры В.П. Риклефске., жануархана қызметкерлеріне және жеке меңгерушісі М.Х. Ауезоваға , докторанттар З.А. Юсифов, Д.Н. Матюшко олимпиаданы өткізуге көрсеткен көмектері үшін алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреді. 

№2 хирургиялық және патологиялық анатомия кафедрасының менгерушісі, м.ғ.д., профессор, «Қарағанды облысының Хирургиялық ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Е.М. Тұрғынов.

Патологиялық анатомиямен №2 хирургиялық ауралар кафедрасының ассистенті Д.В. Золотарев, 


0
9949

пікірлер

пікір қалдыру үшін.