Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2016» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесі

«Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2016» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесі

25 Қаңтар 2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – Келешекке жол» атты Жолдауына сәйкес  № 5 орта білім беру мектебінің ресурстық орталығында 2016 жылдың 22 қаңтарында 9-11 сынып оқушыларына арналған  педагогикалық және ата – аналар қауымы «Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2016» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесін ұйымдастырды: кәсіби бағдар беру және оқушыларды жұмыс кәсіптеріне, инженерлік – техникалық саладағы  және медицина мамандықтарына дайындау.

Аталмыш іс – шарада біз жоғары сынып оқушыларына олардың жеке қасиеттері мен қызығушылықтарына қарай мамандық таңдауға көмектесіп, біздің университет факультеттерінің ерекешеліктерін түсіндіріп өттік.

Сонымен бірге, осы күні ҚММУ, ҚарМТУ, колледждер, Аймақтың кәсіпкерлер палатасы және Халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс – семинары өтті.

Осыған орай, заманауи жағдайларда жүргізілген сапалы мақсатты бағытталған кәсіби бағдарланған жұмыс талапкерге болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмек береді деген қорытынды шығаруға болады.

Профилактикалық медицина,

биология және фармация

факультетінің деканаты


0
10528

пікірлер

пікір қалдыру үшін.