Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Барселонаға сапар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Барселонаға сапар

21 Қаңтар 2016

2015 жылдың қазан – желтоқсан аралығында маған, Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 - курс студенті Болатова Жанерке Ерлановнаға басқа да медициналық жоо-ның студенттерімен бірге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Барселонаның жоғары менеджмент мектебіне барып қайту сәті түсті. 

Каталония студенттерді құшақ жая күтіп алғанын ерекше атап өткен жөн. Барселона тарихы тереңде жатқан, архитектурасы көркем, әлемдегі керемет қалалардың бірі.

Жоғары Менеджмент Мектебі де бізді жылы шыраймен қарсы алды. Профессорлық – педагогикалық ұжымы жоғары біліктілігімен бірден көңілге жылы ой ұялатты. Студенттермен жұмыс істеу барысында туындаған кейбір қиыншылықтарды жоюға барынша күш салып, тіпті қажет болған жағдайда әр студентпен жеке-жеке жұмыс атқаруға дайын екендіктерін ниеттерімен, істерімен білдіріп отырды.

Сөз соңында, заман талабына сай білім алуға мүмкіндік беріп отырған Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әкімшілігіне, ұстаздарына алғысымды білдіремін.

Осы сапарымда алған білімім мен іс-тәжірибемді оқу үрдісінде тиімді пайдаланып, алдағы уақытта кәсіби шеберлігімді шыңдаймын деген ойдамын.

Ж.Е. Болатова

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

«Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының 5 - курс студенті


0
10958

пікірлер

пікір қалдыру үшін.