Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Екі ұрпақтың кездесуі

Екі ұрпақтың кездесуі

13 Қаңтар 2016

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі өзінің күнделікті әрекетінде студенттерді  патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Жас ұрпақтың, өз мемлекетінің патриоттық тәрбиесінің маңыздығын түсіне отырып, бөлім бұл игілікті тапсырмаға біздің құрметті ардагерлерді белсенді түрде тартады. 

 

Мінсіз еңбек өтілі бар университет ардагерлері: онкология кафедрасының доценті Тургунов Мейрам Байзрахманович, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сартабаев Сембек Абдрахманович, Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі Терехин Сергей Петрович және окология кафедрасының профессоры Мусулманбеков Кани Жумкенович 2015 жыл бойы жүйелі түрде ҚММУ жатақханаларында 1-2 курс студенттерімен кездесулер өткізді.

  Бұл кездесулерде дәрігер кәсібін насихаттау, еңбекке деген дұрыс көзқарасты тәрбиелеу, үздік мамандардың тәжірибесін табыстау және еңбек әулеттері туралы әңгімелер айтылды. 

    Ардагерлер қуана-қуана «Alma mater» арнаған жылдарды еске түсірді.  Медициналық институттың құрылу кезеңі, әртүрлі заман студенттерінің өмірі, университетте спорт және көркем-өнер үйірмелерінің дамуы туралы айтты. 

    Дәстүрлі түрде әр кездесу студенттердің алғыс сөздерімен және естелік ретінде жалпы фото жасалды. 

  Біздің ардагерлер студенттерді назарсыз қалдырмайды және кез-келген күні – мереке және жұмыс күндері олар әрдайым студенттердің жанында.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім.


0
10396

пікірлер

пікір қалдыру үшін.