Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

12 Қаңтар 2016

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі «Самұрық» СР-ның белсенділерімен бірлесіп, ҚММУ жатақханаларында мемлекет президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізді.
  Университет жатақханаларында тұрып жатқан студенттер Президенттің 2016 жылға Жолдауын назар салып тындады.
  Өз Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы 2015 жылғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын келтірді, 2016 жылға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты басымдықтарын, таяу жылдарға даму стратегиясын және осы міндеттерді шешу жолын белгіледі.
  Президент Жолдауы мемлекеттегі әлеуметтік және экономикалық  жағдайдың нақты талдауын берді.

Ол кезекті рет қазақстандықтар өмірінің деңгейін ұлғайтуға бағытталған мемлекет бағытының тұрақтылығын дәлелдеді. Жаһандық дағдарыс кезеңінде Президент отандастарды белсенді түрде жаңа мүмкіншіліктерді іздеуге, мемлекет игілігіне өз әлеуетін жүзеге асыруға шақырды, ал мемлекет ондай адамдарға қолдау көрсетуге уәде берді. Қазақстандықтардың жас ұрпақтарына өзін-өзі таныту жолдары ұсынылған, тек әрекетшіл және ең алдымен өзіне талғампаз болу керек.   
  Іс-шараларды ұйымдастыруға көмектескен жатақханалар СӨӨБК-нің төрағаларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жұлдыз Қуаныш
«Самұрық» Студенттік РЕспубликасының депутаты

0
10448

пікірлер

пікір қалдыру үшін.