Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа жылдық ертегі

Жаңа жылдық ертегі

30 Желтоқсан 2015

23 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі ҚММУ белсенділерімен балалар үйіндегі балаларды келе жатқан 2016 жылмен құттықтап қайтты.

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйі тақпақтармен және сыйлықтармен, құттықтау бағдарламасымен келген  шағын ұжымды қуана қарсы алды.

Балалар ертегі кейіпкерлерімен қауышқандарына қуанышты болды: Аяз Ата (Коробейников Тимур 3-060 ЖМ), Ақшақар (Нұрқайдарова Гүлден 2-011 ЖМ), Ауа райын болжаушы - сыйқыршы (Қуаныш Жұлдыз 4-005 ҚДС), Қарақшы (Исказин Айбатыр 3-060 ЖМ), Эльфтар (Бахрамов Жарылқасын 3-060 ЖМ, Қыздарбекова Әйгерім 2-023 ЖМ және Тастубай Айжан 2-008 ЖМ), Мунгалова Ольга (2-083 ЖМ) жүргізуші болды, ал Коростелёва Александра (3-060 ЖМ) – шағын концерттің техникалық бөлігіне жауап берді.

Ұжым балалардың сыйлықтарына ақшалай қаражатты жинаған және немқұрайлы қалмаған барлық студенттерге және оқытушыларға алғыстарын білдірді. К.С. Станиславский атындағы облыстық драма театрына костюмдарды ұсынғандары үшін жеке алғыс айтамыз.

Жаңа жылдық көңіл-күйді балалар ғана емес, студенттер де сезінді, олар балаларды құттықтауға және өздері үшін де қуаныш болды. Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің арқасында бізде шынымен де жақсылықты қажет ететіндерге, жиірек жақсылық жасауға мүмкіндік туды.

ИсказинАйбатыр (3-060 ЖМ).


0
10858

пікірлер

пікір қалдыру үшін.