Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АПТАЛЫҒЫ «МЕДИЦИНА БІЛІМІ-МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АЯСЫНДА»

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АПТАЛЫҒЫ «МЕДИЦИНА БІЛІМІ-МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ АЯСЫНДА»

30 Желтоқсан 2015

ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында жыл сайын мемлекеттік тіл апталығын атап өту дәстүрге айналған, бұл жылы да ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында» тақырыбында өткізілді. Үстіміздегі жылдың 8 желтоқсанында кафедрада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҚММУ қазақ тілі апталығына арналған концерт өткізілді.

Мерекені ұйымдастыруға балалар жұқпалы аурулары кафедрасының  қызметкерлері, жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-008, 4-027, 4-028, 4-083, 4-084 топтарының студенттері белсене қатысты. Мемлекеттік тіл апталығын ұйымдастырушы комитет мүшелері: қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Маретбаева Марина Абильжановна, медициналық білім бөлімінің мұғалімдері - Аубакирова Анар Амангельдиевна, Жолданова Дильнура Маратовна, медициналық білім бөлімінің сарапшысы Макаренко Татьяна  Владимировна. Біздің қонақтарды ұлттық киім киген кафедраның қызметкерлері мен студенттері кіре берісте добырамен қарсы алды. Келген қонақтарға  ұлттық нақышта және қазақ халқының барлық артрибуттарымен безендірілген бөлме көрсетілді. Кафедрада қазақ ұлтының мәдениетінің ерекшеліктері көрсететін бұрыш және үш бидің портреттері бар.

Қарсы алудың келесі кезеңінде қонақтарға ұлттық тағамдар дәстүрлік ыдыстармен ұсынылып көрсетілді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында цикл өтіп жатқан студенттер мен кафедра қызметкерлері тола отырған залға қонақтар да жайғасты. Айта кететін жағдай, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен ҚММУ оқып жүрген Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері де осы мерекелік шараға белсене қатысты.

Шараны жүргізуші ЖМ факультетінің 4028 топ студенті Мусабаев Ерсайын Маратұлы кафедрның және студенттер атынан қонақтарды жылы  әрі қуанышпен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында» мемлекеттік тіл апталығымен құттықтай отырып, салтанатты түрде ашылуын жариялады.

Ашылу салтанаты өз Отанымызға деген патриотизм мен мақтаныш сезімдерін оятатын Қазақстан Республикасының гимнімен басталды.

Бағдарлама жарқын да әсем болды, онда жастардың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі үшін өз ойларын ашық көрсеткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары көрініс тапты.

Қатысушы студенттер, оқытушылар, қызметкерлердің ешқайсысы да 550 жыл толып отырған Қазақ хандығының пайда болуы мен тарихи дамуына немқұрайлы қалмай, құрметпен  есте сақтайды. Тарихқа үңілу жастарды патриотизмге баулуда маңызды орын алады.

Залда отырғандар ЖМФ 4008 топ студенті Ақанов Ермектің орындауындағы домбыра үніне  тыныштық орнады («Адай күйі», «Көңiл толкыны күйі»). Қазақ биінің әсемдігін ЖМФ 4028 топ студенті Мадеш Асем ұсынды.

Қазақстанның оңтүстік астанасынан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттер Бузинский Вячеслав пен Титов Василий құттықтау сөздерін қазақ тілінде шығып сөйледі.

Халықтардың интернационалдық достығы ЖМФ 4028 топ студенті, татар ұлты өкілі Мусина Найлянің қазақ тілінде оқыған өлеңінен Қазақстанға, отанына  деген сүйіспеншілігі көрініп тұрды.

Көрермендерді ЖМФ 4008 топ студенттерінен құралған хордың орындауындағы «Өз елім» (Әні: Н.Тілендиев, сөзі: Қ. Мырза Әли) әні бір сілкіндіріп тастады.

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шараның соңында ұйымдастыру комитетінің төрайымы, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Маретбаева Марина Абильжановна өзінің ынта әсерін жеткізді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының

меңгерушісі, профессор  Р.Х.Бегайдарова


0
11631

пікірлер

пікір қалдыру үшін.