Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Анатомия- медицина негізі"

"Анатомия- медицина негізі"

28 Желтоқсан 2015

  Желтоқсан айының 12-жұлдызында Қарағанды  мемлекетік медицина университетінде  "Жалпы медицина және стоматология" факультетінің II курс студенттерінің арасында "Анатомия- медицина негізі" тақырыбында  "Анатомия-1" пәнінен олимпиада өтті.Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1- кезең- іріктеу кезеңі, тестілеу түрінде өткізілді. Бұл кезеңге 35 студент қатысты. 2- кезең- теориялық білімді тексеру және тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

  Олимпиаданы келесі  оқытушылар ұйымдастырды: Анатомия кафедрасы-ның меңгерушісі- Н.Н.Наурызов, аға оқытушылары - Р.Т.Карибжанова, Г.Б.Шапатова, оқытушы –Г.Қ.Тулеуова.

Өмірзақ Елдос 2-008 топ, Ибрашев Ерболат 2-014 топ, Мұхтарова Арайлым 2-017 топ, Сарыбаев Архат 2-019 топ, Жоламан Даурен 2-019 топ, Нурланов Жоламан 2-024 топ студенттері 1-ші кезеңнен өтіп, 2-ші кезеңге  жолдама алды. 2-ші кезең 26-шы желтоқсанда өтеді.


0
11063

пікірлер

пікір қалдыру үшін.