Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОНГРЕССІ «САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҒЫЛЫМИ ОҚУЛАР - 2015»

VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОНГРЕССІ «САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҒЫЛЫМИ ОҚУЛАР - 2015»

24 Желтоқсан 2015


2015 ж. 2-4 желтоқсанында академик И.П.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінде VI Халықаралық жастар медициналық конгрессі өтті. Конгрессте ҚММУ «Жалпы медицина» мамандығының 7-курс интерндері Тойымбекова Назерке, Махметов Берикбол және «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттері Курманбаева Жанар, Серикова Асель қатысты. Конгресстің негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру; заманауи ғылыми мәселелерді шешуге студенттердің назарын аударту; студенттер мен жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін ашу.

Конгресс жұмысына Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь және т.б. мемлекеттердің студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Н.М.Тойымбекова «Балалар хирургиясы» секциясында

I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Балалар хирургиясы кафедрасының медицина магистрі Е.Е.Ерболғановтың жетекшілігімен жазылған интерннің ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жоғарғы зәр шығару жолдарының екі еселенуі кезіндегі оперативті ем тактикасын таңдау» болып табылды.

  Ж.Ж.Курманбаеваға Микробиология кафедрасында кафедра меңгерушісі В.В.Тец атынан диплом табыс етілді.

  Сонымен қатар 7-курс интерні Б.Т.Махметов «№1 госпитальді хирургия» секциясында м.ғ.к. доцент М.М.Жанасованың жетекшілігімен «Ойық жара колитіне тән емес пациенттер емінің салыстырмалы талдауы» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен, 3-курс студенттері Ж.Ж.Курманбаева «Микробиология, вирусология, микология» секциясында м.ғ.к. доцент С.Б.Ахметованың жетекшілігімен «Жаңа антисептикалық затты әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен, сонымен қатар А.С.Серикова «Патофизиология» секциясында Г.Б.Койшигаринаның жетекшілігімен «Жүрек-қантамыр ауруларының дамуы мен көбеюіндегі эмоцияның рөлі» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен қатысты.

  ҚММУ Студенттері мен жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Изденов Асет Кайратовичты және Ұлт көшбасшысы – ҚР Бірінші Президентінің фондын қаржылай көмегі үшін, конгресске қатысуға және халықаралық кеңістікте өзіміздің ғылыми зерттеулерімізбен бөлісуімізге мүмкіндік туғызғаны үшін  алғыс білдіргіміз келеді.

 

Н.М.Тойымбекова

7-курс интерні

 


0
11019

пікірлер

пікір қалдыру үшін.