Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АИТВ достық қарым-қатынас арқылы берілмейді.

АИТВ достық қарым-қатынас арқылы берілмейді.

24 Желтоқсан 2015

ҚММУ-дің иммунология және аллергология кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 10.12.2015 күні өткізілген дөңгелек үстел отырысында АИТВ-ның алдын алу сұрақтары туралы жастар арасында талқыланды.

  Заманауи медицинада АИТВ және ЖИТС-тің өзекті мәселесінің алдын алуда білім аспектілерін қалыптастыру үшін тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері, ҚММУ - дің «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері және оқытушылар дөңгелек үстелде бас қосты. Пікірталасқа 42 студент, кафедраның 4 қызметкер, Қарағанды облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Қалымқас Шамбулатовна Баймуханова қатысты.

  ҚММУ-дің иммунология және  аллергология кафедрасының  доцент міндетін атқарушысы, медицина ғылымының кандидаты А.А. Кнаус пікірталасты ашты. Өз сөзінде ҚММУ волонтер-студенттерінің жұмысы туралы айтып өтті. Соңғы 3 жылда кафедра қызметкерлері және ҚММУ студенттері, ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының қызметкерлерімен бірге студенттер мен мектеп оқушылары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді: жастардың моральды және адамгершілік тәрбиесіне бағытталған, есірткі заттарды қолдануды, кездейсоқ жыныстық қатынастарды ескерту бойынша пікірталастар өткізілді.

Қалымқас Шамбулатовна өзінің кіріспе сөзінде жастар арасында АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғары дәрежеге жеткендігін, соның ішінде медициналық ЖОО-ның студенттерінің арасында көп кездесетінін айтып өтті.

«Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті - Ернар Койшыман АИТВ - инфекциясының алдын алу және АИТВ - инфекциясына толеранттылық сұрақтары жөнінде студенттер арасында сауалнама бойынша жазған ғылыми жұмысындағы көрсеткіштер дөңгелек үстелде талқыланды.

Дөңгелек үстелде жиналған қатысушы студенттер осы мәселені талқылауға белсенді түрде қатысты, АИТВ-ның жастар арасында таралуының себептері туралы, медициналық университет пен колледж студенттері және медициналық қызметкерлер арасында жүргізілетін студент-волонтерлардың алдағы іс-шаралары туралы өз көзқарастарын айтты, АИТВ жұқтырған адамдарға қоғамның көзқарасы жайлы сұрақтары талқылады.

А.А.Кнаус  кездесуді қорытындылай келе АИТВ - инфекциясының берілу жолын және оның алдын алу шараларын жалпыға жеткізу арқылы АИТВ - инфекциясының жастар арасында таралуын төмендетуде жоғары жетістіктерге жете алатынымызды және АИТВ жұқтырғандарға қоғам көзқарасын  өзгерте алатынымызды атап өтті. Себебі АИТВ достық қарым-қатынас арқылы берілмейді! 

 

 


0
11147

пікірлер

пікір қалдыру үшін.