Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздік мәңгілікке

Тәуелсіздік мәңгілікке

22 Желтоқсан 2015

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне орай, желтоқсанның 8 күні Қарағанды Қалалық Балалар ауруханасының базасында, Хирургиялық аурулар №3 және клиникаға енгізу кафедрасында 3-031, 3-076 «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің топтарының қатысуымен «Тәуелсіздік мәңгілікке» атты іс-шара өткізілді.

Бұл шарамызда оқытушылар Молдақасова Бейбіт Умиралиевна және Курилова Вероника Викторовна қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелердің бірі . Бұл күн жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанда атап өтіледі.

« Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 16 желтоқсан , 1991 Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады .

Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет болып табылады . Біз дамушы нарықтық экономикасы бар елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін , жаһандық экономикалық жүйелі интеграциялау қабілеті жоғары мемлекетпіз.Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін ТМД және Шығыс Еуропа елдерінде жетекші ел болды. Ол сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік салалардағы айтарлықтай реформалар жүргізілді . Қазақстан өз еркімен аумағында ядролық қаруды пайдалану бас тартты және өзі ядролық қарудан азат ел деп жариялады .

Біз тәуелсіз егемен мемлекет ретінде Қазақстан дамуының қиын жолын талқыладық. Біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы арналған бірнеше бейнелерді көріп,  өлең тыңдадық. Дөңгелек үстел соңында ,  «Тәуелсіздік мәңгілікке»  тақырыбында  плакат салды, плакаттарда екі топ өз еліне деген сүйіспеншілікпен тәуелсіз мемлекетті бейнеледі.

Өткізілген шараның басында 3-031 топтың студенті Мәденова Мөлдір және 3-076 топтың студенті Байдуйсенова Асель «Тәуелсіздік мәңгілікке» атты баяндамаларын оқыды. 3-031 топтың студенті Келдібек Елерке «Желтоқсан желі» атты өлен шумақтарын айты. Қазақ елінің бастан өткен қайғы қасіреттерін, желтоқсанның ызғарлы желінен зардап шеккен жастардың ерлігі жайлы Тельтаева Аягөз презентация көрсетіп, баяндады.

Байдуйсенова Асель 3076 тобы


0
11243

пікірлер

пікір қалдыру үшін.