Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашақты нұрландыратын тәуелсіздік!

Болашақты нұрландыратын тәуелсіздік!

21 Желтоқсан 2015

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу мемлекет болашағы – жастар үшін аса маңызды. Республиканың қалыптасу тарихын тани тұра жастар бостандық, тәуелсіздік, Отанға деген сүйіспеншілік және оған қызмет көрсетуге дайындық сияқты жалпыадамгершілік қасиеттерді біледі.

14 желтоқсанда салтанатты жиналыстың басты қонақтары ардагерлер, оқытушылар, қызметкерлер және студенттер болды.

Көпжылдық адал еңбегі үшін, облыстық қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам кұруға жеке еңбекшіл және өнерлі үлесіе қосқаны үшін ҚММУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский университет қызметкерлерін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің кұрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төске тағатын белгімен, құрмет грамоталармен және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі ұлттық тестілеу орталығының, Қарағанды облысы денсаулық сақтау Басқармасының, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды қаласының әкімі алғыс хаттарымен марапаттады. 

Құттықтау сөзінен кейін жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің көркем-өнер үйірмелері дайындаған мерекелік концерт басталды. Концерт бағдарламасында вокалды үйірменің музыкалдық нөмірлері шырқалды, «Жыр Жауһар» студенттік авторлық-ақындық клубы өкілдерінің отансүйгіштік тақырыбына өлеңдері оқылды, «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің «Самұрық» биі, домбырашылардың «Әке толғауы» күй тартысы көрсетілді.

Әсел Мамбетова

жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы


0
11212

пікірлер

пікір қалдыру үшін.