Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа күнге қуанамыз

Жаңа күнге қуанамыз

21 Желтоқсан 2015

Желтоқсанның 5 жұлдызы күні «Дүниежүзілік адам құқығы» күніне орай «Құлыншақ» балалар үйінде қайырымдылық іс – шара өтті. Атаулы іс – шара адам құқығын қорғау (SCORP) жергілікті - офицері Аяулым Сағаттың қолдауымен өткізілді. Концерттің басты мақсаты жетім балалардың әлемге деген көз қарасын өзгерту, жастардың балаларға деген қамқоршылық қасиетін арттыру. Осы өткізілген іс-шара балаларға қоршаған ортадан жылулық сезінуге мүмкіндік берді.

KazMSA белсенді мүшелері мен ҚММУ студенттері концертті екі тілде өткізді. Концерттің басты қонақтары 7-14 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жас жеткіншектер болды. Ойды жетілдіретін ойындар мен топпен сурет салу өнерін анықтайтын байқаулар болды. Байқау нәтижесі бойынша Лера мен Тома «Ең үздік сурет» деген номинацияға ие болды. Студенттер мен балалар бірге ән шырқады. Баян Төлеутай (өнер мектеп – интернаты), Абзал Сапарханұлы (3 курс) домбырада ойнап, Алмат Үмбетәлі гитарамен ән айтты (3 курс), Жәнібек Таштамбаев, Мадияр Махамбет, Әсел Кенжебаева, Дариға Жетпісбаева, Аяулым Сағат концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті.

Мультфильм кейіпкерлері де болды. Студенттер балалармен жақсы қарым – қатынас орнатты. Ойын барысында және концерт соңында балаларға сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды.

Аталған іс-шараны өткізуге мүмкіндік берген Қарағанды мемлекеттік медицина университеті әкімшілігіне және «Құлыншақ» балалар үйінің басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Күнсұлу Жанбосын

KazMSA бас хатшысы

0
11427

пікірлер

пікір қалдыру үшін.