Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бейбітшілік белдеуі»

«Бейбітшілік белдеуі»

21 Желтоқсан 2015

10 желтоқсан күні «Самұрық» Студенттік Республикасының білім министрілігімен «Бейбітшілік белдеуі» атты, ҚР тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде «Самұрық» Студенттік Республикасының басқа да министрілігінің мүшелері, депутаттары және Президенті қатысты.
«Самұрық» Студенттік Республикасының білім министрінің қошеметтеу сөзімен дөңгелек үстел ашылды, кейін министірлік мүшесі Сакауова Зарина еліміздің тәуелсіздікке жетудегі қиын жолы туралы таныстырылммен таныстырды.
Тәуелсіздіктің 24 - тарих үшін өте қысқа мерзім. Бірақ бұл қысқа мерзімнің өзі де біз үшің бір дәуірдей келеді. Халқымыз мемлекеттігімізді құрып өзінің ғасырлық арманын орындады. Соның арқасында алғашқы рет қазақстандықтар өз халқының атынан халықаралық аренада сөз сөйлеп, өз мүддесін қорғай алды. Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, ол БҰҰ-ның толық мүшесі болып, әлемдік қоғамдастық таныған мемлекеттер қатарына кірді.

Қазірдің өзінде, біз тұрақты экономикасы бар тәуелсіз, егемен, болашаққа ұтымды жоспары бар демократиялық мемлекет болып табыламыз. Бүгін Қазақстан өзінің құқықтары мен мақсаттары туралы батыл мәлімдейді. Біздің Президент, Нұрсұлтан Назарбаев, шын мәнінде дана адам, саясаткер, стратег және шынайы патриот. Оның жетекшілігімен, біз тұрақтылық пен гүлденуге қол жеткіздік. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң экономика, ғылым мен мәдениетті дамыту басталды. Әрине, біздің еліміз жұмыссыздықты еңсеру, дағдарыстан шығу, өз мемлекетін «құру» оңай болған жоқ, бірақ біз бұл қиындықтарды өттік.Біздің мемлекетіміз аяғына тік тұрды және ол алға адымдап қадам басуда.Біздің тәуелсіздігіміздің қысқа уақытында көптеген істер атқарылды: мықты мемлекет құрдық, ең тұрақты экономика қалыптастырдық, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарттық.
Біз дөңгелек үстел үстінде қазіргі Қазақстан жастарының бұл мерекеге тиісті көңіл бөлмейтіні туралы сөз қозғадық. Біз, тәуелсіз Қазақстанда туылған ұрпақ, бұл мерекенің бар мәнін толық түсіне алмаймыз. Бұл кезең біздің халық үшін өте маңызды, себебі, біз тәуелсіздікке жүздеген жылдар бойы ұмтылдық және оған қол жеткіздік. Сол себептен бұл мереке  ең маңызды мерекелердің бірі болып табылады.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 Ақпарат және байланыс вице-министрі
Қайрберлин Дәулет

0
11023

пікірлер

пікір қалдыру үшін.