Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

15 Желтоқсан 2015

11.12.2015ж.сағ.17.00 ҚММУ №2 жатақханасында шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді.

Аталмыш іс шараның негізгі мақсаты студенттерде Отанына деген сүйіспеншілікті, патриотизм мен Отан алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру.

Концерт жүргізушілері «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Сейдалы Арайлым және Әбдір Азамат көрермендерді мерекенің тарихымен,маңыздылығымен таныстырды. Шараға ЖООның студенттері; Сабитов Бакытжан, Сабиров Абайхан, Алтынова Каршыға, Муратова Диляра, Раймбердин Марат, Мереке Нурсултан, Сабитов Жарас, Досымжан Асылбек, Турсынбаев Азамат, Ордабек Азамат, Куміс Балжан, Пернебай Жайнара, Сейдалы Нурым, Оразқазықызы Улжалғас және тб.қатысты. Студенттер қазақ тілінде патриоттық әндер айтып, патриоттық өлеңдер оқыды, күйлер тартып, Қайрат Рыскұлбеков туралы көріністер сомдады. М.Райымбердин орыс халқының биін биледі. Сонымен қатар көрермендер қазақ поэзиясын тамашалады. Сонымен бірге студенттер көрермендер залын безендірді.

ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған концерттік бағдарлама лайықты деңгейде өтті.

16желтоқсан ҚР Тәуелсіздік Күні

іс шарасына жауапты мұғалім  М.Ж.Керімбекова

Шет тілдер каф.меңгерушісі  В.А.Бурмистрова


0
11652

пікірлер

пікір қалдыру үшін.