Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Президент күні мерекесі

Президент күні мерекесі

15 Желтоқсан 2015

ҚММУ ЖКМК кафедрасының ұжымы  сабақ өтіп жүрген «Жалпы медицина» 5 курс студенттерімен  «1 желтоқсан – ҚР тұңғыш президенті күні» деп арнайы заңмен бекітілген мереке күнін атап өттік. Бұл күннің мереке болып тарихта белгіленуі әркімді ойландырмай қоймайтыны анық. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Мұндай мемлекеттік мерекенің болғанына Қа­зақстан жұртшылығы, оның ішінде біз де  риза бола отырып, кафедра мен студенттердің ұйымдастыруымен мерекеге ар­нал­ған іс-шараны жоспарлы түрде, уақытында өткіздік.

Кафедра меңгерушісі Г.С. Жумабекова студенттермен сұхбаттасып, ой - пікір таластырды. Студент Ногайбаева Эльвира Елбасының жеке өмірінің тарихымен және жеткен жетістіктерімен таныстырылым арқылы таныстырып шықты. Ең басты армандары  медицинаны дамытып, адам өмірін сақтап қалуда қаншама шаралар арқылы жетістіктерге жетуі жайында айтылды.

Іс – шараның мақсаты – студенттерге Президенттің елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Перзидентіміздің ба­лалық шағы, отбасы, қызмет жолы, лауазымдары мен мансап­тары, жаз­ған еңбектері, дәйек сөз­дері, Н.Ә.Назарбаев атына ашылған оқу орындары жөнінде мә­ліметтер айтылып, студенттер Ел­басымыз туралы білімдерін ке­ңейтті. Президентіміздің сөйлеген сөзінен үзінділер тыңдалып, түр­лі слайдтар көрсетілді. Жаңа педа­го­гикалық технологияның әдіс-тә­сілдері қолданылды.

Осы шара негізінде, яғниТұңғыш Президент Күніне орай  «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері,  Теміртау қаласына тұңғыш Президент мұражайына барып қайтты. Студенттер мұражайдың «Тәуелсіз Қазақстан», «Замана перзенті», «Тұлғаның ерен қабілеті», «Уақыт ағымында», «Қазақстан жолы» залдарына саяхат жасап Елбасының жеке өмірінің тарихымен және жеткен жетістіктерімен өз көздерімен көріп зор әсер алып қайтты.

ҚММУ ЖКМК №2 кафедрасы ұжымы


0
11328

пікірлер

пікір қалдыру үшін.