Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің Тәуелсіз Қазақстан.

Біздің Тәуелсіз Қазақстан.

15 Желтоқсан 2015

  11.12.2015жылы №2 хирургиялық аурулар мен патологиялық анатомия кафедрасында бірінші және екінші оқу жылындағы хирург-интерндердің қатысумен тәрбие сағаты өткізілді.

  Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды және студенттердің  Отанына деген сүйіспеншілігін және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, бекітуге бағытталды.

Іс-шараның басында хирург-интерндердің тәлімгерлері, кафедра доценті А.Е. Алибеков және кафедра ассистенті Д.В. Золотарёв - ке сөз берілді.

  Кейін интерндер Қазақстан Республикасына арналған патриоттық өлеңдері мен баяндамаларын оқыды.

  Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы бейне-фильм көрсетілді.

  Қорытындылай келе интерндермен дайындалған мерекелік концерт өткізіліп, студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Гитара және домбыра сүйемелдеуімен Қазақстан авторларының сүйікті өлеңдері айтылды.

№2 хирургиялық аурулар мен патологиялық

анатомия кафедрасының доценті    А.Е Алибеков.

№2 хирургиялық аурулар мен патологиялық

анатомия кафедрасының ассистенті    Д.В.Золотарёв


0
10911

пікірлер

пікір қалдыру үшін.