Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Конфессияаралық диалог- Қазақстан тұрақтылығының негізі.

Конфессияаралық диалог- Қазақстан тұрақтылығының негізі.

15 Желтоқсан 2015

Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінде 2012-2015 жылдар аралығында әлемге қауіп төндірген діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп отырады.

2015 жылдың қазан – желтоқсан айларында бірінші курс студенттері дәстүрлі діндердің құндылықтарын білу, жастар арасында радикалды және деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат алу мақсатын 1- курс студенттері ақпаратты-үгіт насихат тобымен жоспарланған кездесулер өткізілді.  Осы кезең аралығында бес кездесу өтіп, жастар қазақ және орыс тілдерінде дінге сену, дінге деген нанымдары мен толеранттылықтары және де діни сауаттылықтары арттырылды.  Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының конфессияаралық диалогының негізгі орталығы болып табылатыны да тілге тиек етілді.

Бұл отырыстар ҚММУ-дың Тәрбие жұмысы Кеңесі жанындағы діни экстермизм және терроризм жөніндегі профилактика Комиссиясы мен Қазақстан тарихы мен ӘСП кафедрасының бірігіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Осы уақыт аралығында бірінші курс студенттерімен кездесіп сұхбат жүргізгендер: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб-имамы Джаримбетов Мухит Михайлович, №1 калалық мешітінің наиб-имамы Бейсенбаев Хайрулла Жахьянович және Айылхан Думан Рыспекович, «Шіркеу және Қоғам» Епархиальды бөлімінің Протоиерей Михаил Александрович Патрикеев, «Конфессияаралық катынастар мәселесін сараптау орталығы» ҚММ инспекторлары Николай Сарсембаев пен Ержан Бедеров.

 

Кездесу барысында осы топтың мүшелері әлемдегі діни панорамаға әсіресе Қазақстан (оның ішінде, Қарағанды облысындағы) діни ұйымдардың құқықтық қызметтерін, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды дамыту барысындағы ислам, христиан діндерінің маңызды рольдерін, Қазақстан террриториясында ислам дінінің таралу барысындағы тарих тармақтарын және де дәстүрлі, дәстүрлі емес діни тармақтардың таралуы мен қолданылуы жөнінде сөз қозғалды. Жиынға қатысушылардың пайымдауы бойынша қандай дін болмасын ислам, христиан, барлығы да адамзатты бейбітшілікке, келісімне достық пен махаббатқа шақырады, ал қазіргі діни ағымдағы көзқарасты адамдар дінді өздерінше бұрмалап алған. Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен көзқарастар адамзат пен қоғамның табиғи және рухани бірлігін құртып қана қоймай, ішкі және сыртқы саясатымызға кедергі келтіре отырып,  адамзаттың өміріне қауіп төндіреді.Нағыз мұсылман мен христиан басқалармен емес өздерінің жат қылықтарымен күресе отырып, өз ішкі жандүниелері арқылы әлемді өзгерту керектіктері де айтылып өтті.

Әрбір кездесу Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының кафедра меңгерушісі К.А. Темиргалиевтың, доцент Б.Г. Нугманның аға оқытушылар А.Б. Долгополов, К.М. Сисенгалиева, С.А. Никифорованың қызықты комментариилерімен толықтырылып отырды.

Студенттер тарапынан Қазақстан мен әлемде болып жатқан діни аухал жайындағы сұрақтар толғандырып, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни постулаттар жайында, экстремистік идеологияның белең алуы жөніндегі мәселелер кеңінен қызықтырды. Студенттерді адам қандай жағдайда деструктивті діни ағым құрамына енетінін, арбаудың қандай тәсілдері бар екендігі, және де таныстарының біреуі арбауға түскен жағдайда қандай құзырлы органдарға хабарласу керектігі жайында сұрақтарын қойды.

Барлық сұрақтарға ақпараттық үгіт-насихат тобының тарапынан толыққанды құзыретті жауаптар қайтарылды. Кейбір түсініксіз жайттар белең алған уақытта дәстүрлі дін өкілдерімен аталмыш қызметке құқығы бар құзыретті орындарға хабарласу жөнінде кеңес берілді. Қазақстанда тыйым салынған істері заңсыз деп табылған деструктивті ағымдардың тізімі оқылды.

Студенттер кездесу барысында өздерінің толықтай қанағаттандырылғандықтарын айтып бұл диалогтың одан әрі жалғасын табуы игі іс боларын нығыздап өтті.

С.А. Никифорова

ҚММУ терроризм мен діни экстремизм профилактикасы комиссиясының төрайымы.


0
11539

пікірлер

пікір қалдыру үшін.