Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
РУДН-дағы олимпиада.

РУДН-дағы олимпиада.

14 Желтоқсан 2015

2015 жылдың 26-27 қарашасында Ресейлік Халықтар Достығы Университетінің терапиялық стоматология кафедрасында терапиялық стоматология пәнінен халықаралық қатысумен 7-Бүкіл Ресейлік студенттік олимпиада  өтті.

Байқауға жалпы саны 22 команда қатысты. Негізгі бөлігі Ресей университеттерінің командалары, алыс шетелдерден келген -Эстония, Венгрия, Молдавия, Қырғызстан командалары және бұл байқауға алғаш шақырылып отырған біздің Университеттің командасы қатысты.

Біздің университеттің командасының құрамына «стоматология» мамандығының 5-курс студенттері: Әлмұрат Сұлтан, Бакирова Асель, ЖанабиловАльжан и Завгородняя Елена кірді. Студенттер олимпиадаға терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті Тусбаев Марат Галымович жетекшілігімен аттанды.

Іс-шара иелері біздерді жылы шыраймен қабылдады, ал байқау жылы және достық асмосферасында өтті.

Терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Даурова Фатима Юрьевна бастаған олимпиада ұйымдастырушылары дәстүрлітүрде ұсынылатын конкурстарды барынша көркейтуге ат салысты. 

Екі күндік олимпиада бағдарламасы келесідей бөлімдерден тұрды: «Таныстыру» - бұл бөлімде командалар өздері және университеттері жайлы қысқаша баяндамалар әзірлеп, студенттік өмірден әзіл қойылымдар қойды;

«Үй жұмысы» конкурсында командалар стоматология тақырыбында қолдан жасалған жұмыстарын таныстырды; және де бірінші күннің соңында «Ғылыми баяндама» конкурсы өтті, онда әр командадан бір адамнан шығып, өз жұмысын қорғап, президиумның сұрақтарына жауап берді.

Олимпиаданың екінші күнінде кариозды қуыстардың реставрациясы мен эндодонтиялық шеберлік бойынша конкурстар өтті. Қорытындылау жүргізуге дейін командалар өздерінің қабілеттерін "Брейн-ринг" сайысында көрсете білді, бұл сайыстың бағалану критерийі ретінде командалардың өздерін тапқырлықпен таныстыра білуі мен берілген тапсырмаға белсенді қатысуы болды. Осы конкурста біздің команда Башқұрт ММУ командасы мен Эстония студенттерімен бірігіп өнерлерін көрсетті. Біздің студенттер барлық конкурстарда белсенді қатысып, жақсы көрсеткіштерге ие болды.

Айта кету керегі, студенттерге жетекші болып барған терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті Тусбаев Марат Галымович олимпиаданың барлық жүргізілу уақытында конкурсанттардың жұмысын бағалаған жюри құрамында болды. Олимпиаданың аяқталуы кезінде оқытушыларға арналып дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда заманауи симуляциялық технологияларды қолдана отырып белсенді оқыту әдістемелері талқыланды. Осындай 3D технологиясында жасалынған тренажерды олимпиада катырсушылары да тамашалаған болатын. Сонымен қатар заманауи стоматологиялық материалдар мен әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің құралғыларының көрмесі ұйымдастырылды.

Осы олимпиадада біздің студенттерге алғаш рет қатысуы сәтті болды. Олимпиада қорытындысы бойынша«стоматология» мамандығының 5001 топ студенті Әлмұрат Сұлтан  «Реставрация» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды, сонымен қатар оған «Micerium» компаниясынан мастер-класс өтуге сертификат берілді. Барлық командалар қатысушы дипломдарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылар олимпиададан тыс Мәскеу қаласының көрікті жерлері: Қызыл алаңға, Третьяков галереясына, Воробьевы таулары және т.б. жерлеріне экскурсия ұйымдастырды.Бірінші орынға таласқан бұрынғы қарсыластар мұңмен, өкінішпен және жағымды жадаулықпен бір-бірімен қоштасты.

Осындай халықаралық олимпиадада қатысуға мүмкіндік берген ҚММУ ректорыДосмағамбетова Раушан Сұлтанқызына алғысымызды білдіреміз.

М.Г. Тусбаев

терапиялық және ортопедиялық

стоматология кафедрасының ассистенті

«Стоматология» мамандығының 5 курс студенттері:

Әлмұрат Сұлтан

Жанабилов Альжан

Бакирова Асель

Завгородняя Елена


0
12195

пікірлер

пікір қалдыру үшін.