Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университетаралық іс-шаралардағы ҚММУ студенттерінің жеңісі

Университетаралық іс-шаралардағы ҚММУ студенттерінің жеңісі

09 Желтоқсан 2015

2015 жылдың желтоқсан айының 3 күні  «Жалпы медицина» мамандығы 1-009 тобының студенті Батырбек Назым  БҰҰ-ның  70 жылдығына арналған  «Біріккен Ұлттар Ұйымы:өзгеру әлеміндегі жаһандық дипломатия» атты халықаралық студенттер мен  магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты және міндеттері: студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді тарту; студенттердің зияткерлік әлеуетін ашу. Конференцияға Қазақстанның әр жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты.  ҚММУ студенті Н.Батырбек оқытушы А.С. Келмағанбетованың ғылыми жетекшілігімен  «Қазақстандағы көпмәдени білім беру »  тақырыбында  жазылған мақала «Қазақстанда БҰҰ-ның ресми тілдерін оқыту  мәселері мен келешегі» секциясы бойынша екінші орынға иеленді.

2015 жылдың қараша айының 30 күні Қазтұтынудағы Қарағанды Экономикалық Университетінде ҚММУ 1-029, 2-079 ЖМ топтарының студенттері Универсиадаға қатысты. Бұл  іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Сайыстың басты мақсаты Қарағанды қаласының дарынды студенттерін анықтау болды. Универсиада 3 кезеңнен тұрды: ЖОО-ны таныстыру; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тақырыбы бойынша көптілділік сұрақ-жауап; берілген тақырып бойынша сөйлеу. Студенттер өте белсенді болып, өздерін жаңа қырынан көрсете білді. Студенттер шет тілдер кафедрасының оқытушысы Т.Г.Дашкинаның жетекшілігімен қатысып, алғыс хатпен марапатталды

ҚММУ шет тілдер кафедрасы Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін аталған студенттерді құттықтап, кәсіби және жеке  даму саласында үлкен  жетістерге жетулерін тілейді.


0
11475

пікірлер

пікір қалдыру үшін.