Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бірінші, қысқы...»

«Бірінші, қысқы...»

09 Желтоқсан 2015

5 желтоқсанда Cпорттық клуб, дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасы және «Самұрық» студенттік республикасымен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай І-ІІ курс студенттеріне арнап Орталық саябақта І қысқы жеңіл атлетикалық жүгіріс ұйымдастырды.

Осы спорттық іс-шараның өткізілу мақсаты студенттердің рухани және физикалық денсаулықтарын нығайту және жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Жүгірісте «Самұрық» студенттік республикасының спорт министрілігінің және дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының барлық оқытушыларының бастауымен 300-ге жуық студент қатысты. Алғаш рет студенттік жеңіл атлетикалық жүгірістің қыс уақытында өткізіліп отырғаны қатысушылар үшін тосынсый болды.

І қысқы студенттік жүгірістің ҚММУ жас спортшыларына және студенттеріне жүгірістің сәтті басталып нәтижелі аяқталғанын тілеп оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский сөз айтты. Спорттық клубының басшысы Ф.А.Батиров және дене тәрбиесі курсымен медициналық реабилитология кафедрасының аға оқытушылары Л.М.Жукова, Р.Б.Тимершин және Д.Д.Мукушев қатысушыларды марапаттады.

«Бірінші, қысқы...» атты жүгіріс соңында барлық жеңімпаздар алхыс хаттар мен ҚММУ бейнесі бейнеленген фирмалық өнімдерді сыйға алды.

 

Нурлан Ануарбеков

«Самұрық» студенттік республикасының

спорт министрінің орынбасары 


0
11492

пікірлер

пікір қалдыру үшін.