Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шаңғы жолымен денсаулық.

Шаңғы жолымен денсаулық.

09 Желтоқсан 2015

  1 желтоқсанда Жаңа Узенка кентінің шаңғы базасында «ҚР Тұңғыш Президенті күнін» тойлауға арналған шаңғы жарысы бойынша облыстық жарыс болып өтті.

  Жарысқа жоғары оқу орындарының студенттері, қала кәсіпорындары, коммерциялық құрылымдар және өндірістік ұжымдар қатысты. Денсаулық стартының құрметті қонақтары атақты қарағандылық-спортшылар болды: Афина Олимпиадасының бокс бойынша қола жүлдегері Серік Елеуов және біздің жерлесіміз атақты онсайысшы Дмитрий Карпов. Жарысты ашу құрметі Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Н.Е.Сухоруковаға берілді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің командасы құрамына: Е.Басаргинов (2-088 ЖМ), А.Фазылова (2-081 ЖМ), Л.Ибраева (1-040 ЖМ), Е.Бейсеков (2-003 ЖМ), Ж.Жунаханова (2-010 ЖМ), А.Әбурахман (2-010 ЖМ),А.Масим (2-064 ЖМ), С.Кенесбаев (1-032 ЖМ), А.Сандыбаева (1-031 ЖМ), А.Әлеумет (2-003 ЖМ) және А.Мусаева (2-015 ЖМ) кірді.

  Жарыстың барлық қатысушылары старттан жақсы сергіту қуатын алды және тамаша эмоцияларға бөленді.

 

  Кусаинов Б.Д. мед.реабилитология және Д.Ш. кафедрасының оқытушысы


0
11589

пікірлер

пікір қалдыру үшін.