Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тараздағы жеңіс

Тараздағы жеңіс

24 Қараша 2015

  6-8 қарашада Тараз қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550жылдығына арналған «Нұр Отан» партиясының кубогына Республикалық XIII пікірталас турнирі болып өтті.

  Тунир екі форматта: Американдық Парламент (APD) жыне Линкольн – Дуглас (LD), екі лигада: қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Турнирдің қатысушылары Қазақстанның әр түрлі облыстарынан студенттік командалары болып табылды.

  Қарағанды облысы атынан  Қарағанды Мемлекеттік Медицина Универитетінің «Намыс» пікірталас клубының қатысушысылары Айжан Маликайдар (3-043 ЖМ) және Надира Жайбағысова (2-001 ТФП)  қатысты. 

Финалдық ойында, «Линколь - Дуглас» форматында Еуразиялық Ұлттық Универистеті (Астана) командасына қарсы «Намыс» пікірталас клубының спикері Айжан Маликайдар ойнап I орынды және «Туринирдің үздік спикері» атанды. 

  Турнирдің барлық жүлдегерлері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің нәтижесі бойынша келесі «Нұр Отан» партиясының кубогына арналған XIV Республикалық турнир алдағы жылы Астана қаласында өтетін болады.

  «Намыс» пікір талас клубы ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетова, сонымен қатар Жастармен жұмыс жөніндегі бөліміне турнирдің дайындығына көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

Айжан Маликайдар

«Намыс» пікірталас клубының жетекшісі


0
11561

пікірлер

пікір қалдыру үшін.