Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Респираторлық медицинадағыинновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Респираторлық медицинадағыинновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

18 Қараша 2015

Астана қаласында 6-7 қараша күндері«Респираторлық медицинадағыинновациялық технологиялар» тақырыбына Еуро-Азиялық респираторлық қоғам, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, Респираторлық медицина саласындағы мамандар қауымдастығы, Қазақстандық респираторлық қоғам, «Астана медицина университеті» АҚ мүшелерінің ұйымдастыруымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылуында ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚРҚ Президенті, ЕАРҚ атқарушы директоры, Ұлттық Ғылыми Медициналық орталықтың басқарма төрағасы А.К. Байгенжин құттықтау сөзбен ашты.

Конгрессаясындареспираторлық медицинаның өзекті мәселелері бойынша Ресейлік және Украинадан келген әріптестеріміздің баяндамалары тыңдалды.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы симпозиумдардан, семинарлардан, дөңгелек үстел, «Өкпенің интерстициалды ауруларының диагностикасы және емі», «ӨСОА: негізгі терапияның жаңа мүмкіншіліктері», «Бронх-өкпе патологиясы: терапияның болашақ бағыттары», «Бронх-өкпе ауруларын емдеудің және диагностикалаудың инновациялары», «Тромбоэмболия және өкпе гипертензиясы. Өкпені трансплантациялау», «Балалар практикасындағы тиімді бактерияға қарсы терапия» тақырыптары бойынша клиникалық талқылаулардан тұрады. Осындай конференцияларды жүргізу тыныс алу мүшелері ауруларының диагностикасын және емдеу деңгейін жақсарту мақсатында респираторлық медицина саласында медициналық технологиялармен отандық және шет ел мамандары арасында үздіксіз тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

«Өкпенің интерстициальді ауруларының диагностикасы және емі» тақырыбы бойынша симпозиумының төрайымдары м.ғ.д., профессор М.М. Түсіпбекова және профессор Р.А. Бакенова. Осы симпозиумда м.ғ.д., профессор М.М. Түсіпбекова «Өкпенің интерстициальді ауруларының морфологиялық аспектілері» тақырыбы бойынша баяндама жасады. «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аяқталуы барысында ғылыми форумының қорытындысы жасалып, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

М.ғ.д., профессор

М.М. Түсіпбекова


0
11986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.