Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қызықты старттар

Қызықты старттар

29 Қазан 2015

20 қазанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім дене тәрбиесі кафедрасымен бірлесе «Қызықты старттар» студенттік турнирін өткізді. Эстафетаға құрамында бойжеткендер және бозбалалар бар 6 команда қатысты.

«Қызықты старттар» турнирі бұрыннан ҚММУ-да дәстүрлі болды. Университет тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесінің салауатты өмір салтын насихаттау комиссиясының төрағасы Людмила Владимировна Коваленко: «Жарыстар жылсайын өткізіледі және жастарды күнделікті спортпен айналысуға қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, сонымен қатар жолдастық рухты, жауапкершілікті тәрбиелеуге бейімделген» – деп атап өтті. 

Спортшыларға жылдамдыққа, төзімділікке, координация және күшке 11 жаттығулар кешені ұсынылды. Жарысушылар жүгірді, секіргіш және шеңбер арқылы секірді, дөңгелекее допты лақтырды және жаттығулар жасады. Жаттығуларды орындауға барлығы қатысып, спорттағы таланттарын көрсете алды.

ҚММУ спортшылары қалалық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады. Жақында  волейбол бойынша қалалық жарыстарға, «Студенттік одақ» футбол бойынша біріншілікке, сонымен қатар шағын-футбол бойынша Қарағанды облысы чемпионатына қатысамыз.

ҚММУ спорттық клубы


0
12249

пікірлер

пікір қалдыру үшін.