Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ішімдікті пайдалануға «ЖОҚ» деп айтайық!

Ішімдікті пайдалануға «ЖОҚ» деп айтайық!

28 Қазан 2015

26 қазанда, Ұлттық ішімдіктен бас тарту күніне орай «Алкогольді сусындар жарнамасын тоқтатайық!» шақырумен онкүндікті өткізуге байланысты Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі Ынталы студенттер клубы және әлеуметтік жұмыс жөніндегі студенттік министрлікпен бірлесе «Ішімдікті пайдалануға «ЖОҚ» деп айтайық!» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім маманы А.А.Мамбетованың және ҚММУ тәрбие жұмысы жөніндегі кеңес салауатты өмір салтын насихаттау бойынша Комиссияның төрағасы Л.В.Коваленконың төрағалығымен студенттер адам ағзасына ішімдіктең келтіретін зияны, алғашқы маскүнемдікті алдын алу тәсілдерін талқылады. Ішімдікті пайдалануға салдары жайлы ақпаратты студенттердің көпшілігіне жеткізудің түрлі нұсқалары ұсынылды және жиналғандарға маскүнемдіктің зияны туралы әлеуметтік бейне-роликтер көрсетілді. 

Дөңгелек үстел отырысы аяғында кездесудің барлық қатысушылары ҚММУ әрбір студентінің ең басты басымдықтарының бірі салауатты өмір салтын ұстану деген қорытындыға келді. 

Гаджиева Рагимат

Ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
12794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.