Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Студенттер қатарына қабылдау-2015»

«Студенттер қатарына қабылдау-2015»

27 Қазан 2015

  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 16 қазан күні бірінші курс студенттерінің «Студенттер қатарына қабылдау» дәстүрлі мерекесі өтті. Бұл әрбір студент өміріндегі ұмытылмас сәт.

Ал осы жылы бірінші курс студенттерінің бұл мерекесі ерекше маңызды, өйткені универститеттің 65 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отыр. Студенттер қатарына қабылдау рәсімі академиялық ортада өтті: білім кілті, сынақ кітапшасын салтанатты тапсыру рәсімі, проректордың, факультетттер декандарының, біздің университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамының студенттерге арналған тілектері, студенттердің нышанды Антты айтуы, студенттердің  «Гаудеамус» гимнін орындауы.

Мерекелік іс-шараны 1-курс студенттеріне 2-курс студентттерінің Білім  құдайы нышанының алауын тапсыру салтанаты театрлық қойылым ретінде көрсетілді. Мерекелік іс-шараның соңында әрбір студенттің есінде қалатын университеттіңмерейтойына университетіміздің түлектерімен жазылған ҚММУ гимні орындалды.

жалпы медицина және стоматология факультеті деканаты;

профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті деканаты.


0
14542

пікірлер

пікір қалдыру үшін.