Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарттар күніне арналған мереке

Қарттар күніне арналған мереке

23 Қазан 2015

Ескі дәстүрге сай №2 ішкі аурулар кафедрасында 6 курс интерндерімен ұйымдастырылған кафедра ардагерлерімен кездесу өтті. Салтанатты концертті доцент Л.К. Бадина барлық ардагерлерге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Ректоры атынан алғыс хаттармен марапаттаудан бастады.  Аса құрметті ардагерлерден мерекеге В.Г. Архипова, Н.Г.Вятчинин, Ж.С.Имангалиева, Г.Т. Каримова келе алды.

Сезімге толы ардагерлер өздерінің тәжірибелерімен, жеке өміріндегі тарихтарымен бөлісті, жас ұрпаққа ақылдарын айтты. Ардагерлерге арналған құттықтау сөздерімен №3 ішкі аурулар кафедрасының интерн-терапевті Муслимова, 4005топ студенті К. Нуртай, №2 ішкі аурулар кафедрасының интерндері Ж. Мультенова, Г. Бекжанова, С.Исина және Т.Таукелова шықты. Студенттер мен интерндер кафедра бастауында болған, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің дамуына бағасыз үлес қосқан адамдармен сөйлесіп, көрісе алды.

Бағдарлама сонында 6037 топ интерндердің «Как здорово что все мы здесь сегодня собрались» өлеңіне біздің ардагерлерге гүл мен мерекелік сыйлықтар табысталды.Көтеріңкі көңіл күймен аяқтап, ардагерлер студенттер және интерндермен бірге бұл күнді мәңгілік еске сақтап қалды.


0
12502

пікірлер

пікір қалдыру үшін.