Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстандағы рухани келісім күні

Қазақстандағы рухани келісім күні

22 Қазан 2015

Осы күннің алдында Қазтұтыну Қарағанды экономикалық университетінде «Конфессияаралық келісім – Қазақстан тұрақтылығының кепілі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» форматында кездесу өтті.

  Кездесуге Қарағанды облысының ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, діни ұйымдардың жетекшілері, сонымен қатар студенттер және оқытушылар қатысты.

Дөңгелек үстел отырысына жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.А.Мамбетова, университет тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңестің діни экстремизм және терроризмді алдын-алу бойынша комиссияның төрағасы С.А.Никифорова және ҚММУ студенттері қатысты.

Кездесудің модераторы Қарағанды қ. әкім орынбасары И.Ю.Любарская болды. Баяндамалармен сөз сөйлегендер: ҚР мәдениет және спорт министрлігі дін істері жөніндегі Комитеті дін мәселелері жөніндегі ғылыми - зерттеу және талдау орталығы исламды зерттеу бөлімінің басшысы (Астана қ.) Исахан Мұхан Баймұратұлы, бөлімнің жетекші ғылыми маманы (Астана қ.) Мустафина Толғанай Вагизовна, Қарағанды аймағы бойынша Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасының өкілі, Қарағанды облысы мешітінің бас имамы Байқожа Өмірзақ Қазыкенұлы, Қарағанды және Шахтинск құқық қорғау мекемелер және қарулы күштермен әрекеттесу жөніндегі бөлімнің жетекшісі Кинзирявый Владимир Ильич, Римдік-Католикалық Қарағанды Епархияның Епископы Аделио Дель Оро, «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Рапиков Бауыржан Серікбайұлы, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қата дайындау аймақтық орталығының аға оқытушысы Мұстафин Серік Хамзаұлы. 

Кездесуді қорытындылай келе И.Ю.Любарская барлық баяндамашыларға алғысын білдіріп, Қарағанды қ. әкімі Н.Е. Әубәкіров атынан алғыс хаттар табыс ету салтанатын өткізді.

Рухани келісім күні Қазақстан халқының дәстүрлі адамгершілік құндылықтары және қоғамда шыдамдылық идеяларын және рухани келісім жолын ұстаушылығын білдіреді.

Діни экстремизм және терроризмді

алдын-алу бойынша комиссиясы

ҚММУ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі


0
13283

пікірлер

пікір қалдыру үшін.