Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Профессор Х.Ж. Мақажановтың 100-жылдығына арналған «Травматология мен ортопедиядағы озық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Профессор Х.Ж. Мақажановтың 100-жылдығына арналған «Травматология мен ортопедиядағы озық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

22 Қазан 2015

2015 жылдың 24 – 25 қыркүйегінде травматология және ортопедияның Ғылыми зерттеу институтымен, травматолог-ортопедтердің Қазақстандың Ассоциациясымен, Қарағанады мемлекеттік медицина университетімен, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасымен, профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы ОТжОО-мен профессор Х.Ж. Мақажановтың 100-жылдығына арналған «Травматология мен ортопедиядағы озық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды және өткізілді. Конференцияның ашылуы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өткізілді, секциялық отырыстар ҚММУ және Х.Ж. Мақажанов атындағы ОТжОО базаларында өтті.

Конференцияның салтанатты ашылуына ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетова, ТОҒЗИ директоры, профессор Н.Д. Батпенов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Л.М. Орынханова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Е.Ш. Нұрлыбаев қатысты. 

Конференцияның жұмысына ғылыми қызметкерлер және барлық Қазақстанның травматолог-ортопед дәрігерлері, сонымен қоса ТМД елдерінен келген қонақтар (Ресей, Беларуссия, Украина, Қырғыз), Германия, Австрия, Греция, Испания, Италия, АҚШ, Израиль, Египет, Бангладеш, Чехия елдерінен келген дүниежүзілік травматолог ортопедтер ұйымының мүшелері қатысты.

Конференция барысында халыққа ортопедия-травматологиялық көмекті ұйымдастыру, жарақаттанушылықтың алдын алу, травматология мен ортопедиядағы инновациялық технологиялар (артроскопия және ірі буындарды эндопротездеу, вертебрология, остеосинтез және т.б.), көптеген және қосарланған жарақаттар, остеологиядағы сәулелік диагностика, балалар травматологиясы мен ортопедиясының өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция соңында резолюция қабылданды.


0
12981

пікірлер

пікір қалдыру үшін.