Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарт адамдарға деген ҚММУ студенттерінің құрметі.

Қарт адамдарға деген ҚММУ студенттерінің құрметі.

08 Қазан 2015

1 қазан, Қарттар күні, ескі дәстүр бойынша психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы «Коммуникативтік дағдылар-1» пәні бойынша дайындалатын 1 курс студенттерімен бірге, №1 қалалық аурухананың филиалы-клиникалық базасында науқастарын құттықтауды шешті. Стационардың терапевтік бөлімінде- қарт адамдар, сонымен қатар кейіннен ашылған мейірбикелік көмек бөлімінде науқастар жатады.

Оқытушылар және студенттер палатаға келіп «мереке кейіпкерлерін» құттықтап, жаңа  ұрпаққа берілген ақылдарын және мемлекетке тигізген еңбектерімен бөлісіп алғыстарын айтты. Ақсақалдарға тосын сый ретінде пайдалы жеміс-мандариндер таратылды.Студенттер қарт адамдармен қызыға сөйлесіп, болашақ кәсіптеріне қажетті мәдени құндылықтарын және құрметтерін көрсетті.

  «Жалпы медицина» мамандығының 1-017 және1-018 топ студенттері осы үлкен шараға жауапкершілікпен қарады. Сонымен қатар студенттер осы шараға қарт адамдарға музыкалық орындау, адамдарға деген қарым-қатынас тақырыбында көрсетілім, қарт адамдарға хормен өлең және палатада оларға қамқорлық көрсетті.

  Кафедра «Коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша тәжірибелік және ОБСӨЖ 1 және 2 курс студенттерімен бірге мейірбикелік көмек бөлімінде паллиативтік жұмысын жалғастыруды жоспарлайды, бұл медицина саласының мамандарына қарым-қатынас және адамгершілік құзыреттілігін қалыптастыру үшін қажетті қасиет болады деп есептейді.


0
13371

пікірлер

пікір қалдыру үшін.