Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ҚММУ 65 жылдығына арналған Медициналық білім беру бойынша ІІІ Орта Азиялық конференция өтті

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ҚММУ 65 жылдығына арналған Медициналық білім беру бойынша ІІІ Орта Азиялық конференция өтті

07 Қазан 2015

5-6 қазанда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде медициналық білім беру бойынша «МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢА БАСТАМАЛАР» III Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. ҚММУ жұмысы 65 жылдыққа арналған Университет күндерінен басталды.

ҚММУ ректоры, м.ғ.д., профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы конференцияның салтанатты ашылуынан кейін ҚММИ ректоры Петр Моисеевич Поспеловтың «ҚММУ дамуына үлесі үшін» медалін құрметті қонақтарға, бірнеше жылдардағы ҚММУ ректорлары мен проректорларына, кафедра меңгерушілеріне, декандарға, университет ардагерлеріне табыс етті.

Салтанатты жиында Құрметті қонақтардың қатарында ҚММУ Құрметті профессоры атақтары да берілді. Конференция жұмысына медициналық жоолардың, Қазақстан ұйымдарының, алыс және жақын шетел өкілдері қатысты. 

Атап өтетіні, алғашқы рет университетіміздің бастамасы бойынша осындай конференция 2012 жылы өткізілді. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Орталық Азияда өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін алыс және жақын шетелдің медициналдық білім беру өкілдерін бір алаңда жинайтын бірінші және бүгінгі таңда жалғыз университет болып табылады. 


0
14007

пікірлер

пікір қалдыру үшін.