Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абай оқулары

Абай оқулары

01 Қазан 2015

  Тамыздың 10 күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толды. Абай – көпсалалы тұлға, ақын, философ, композитор, ағартушы, қоғамдық қайраткер, қазақ жазу әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Ұлы ақынның жылдығының құрметіне, 22 қыркүйекте Ж.Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жас өспірімдер кітапханасында  «Абай есімі-әлемге аян» тақырыбында жас ақындар арасында облыстық байқауы болып өтті.

  Байқауға жоғарғы оқу орындарының, колледждің студенттері және қалалық мектептердің оқушылары – өнер жолын жаңа бастаған жас ақындар қатысты. 

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің «Жыр Жауһар»  ақындық авторлық клубының қатысушылары Кәдір Арайлым (3-023 ЖМ), Сәбит Дина (3-029 ЖМ) және Расылхан Досымбек (3-018 ЖМ) қатысты.

  Байқаудың мықты қатысушыларына қарамастан біздің балалар лайықты өнер көрсетті және ақындық байқаудың лауреаттары болып марапатталды.  Барлық жүлдегерлер құрмет дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

  Дана Садыхова

«Жыр жауһар» 

Студенттік авторлық

поэзиялық клубының жетекшісі


0
13573

пікірлер

пікір қалдыру үшін.